Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде қасиетті рамазан айының құрметіне орай екі жүз адамға «Ауызашар қоржыны» үлестірілді. Атап айтқанда, шаһардағы балалр үйінің тәрбиеленушілеріне, әлеуеттік көмекке мұқтаж отбасыларға рамазан кәдесі теңдей үлестірілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметінде жүрген бірнеше мамандарға да арнайы қоржын таратылды. Берекелі айда жүзеге асып жатқан қайырымдылық шаралар рамазан айының соңына дейін жалғаспақ.
ihsan.kz
Пікірлер