Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА «ДІНДІ БІЛІММЕН ТАНЫ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ
30 сәуір, 2022 жыл 114 Басып шығару нұсқасы

Алда келе жатқан мұсылмандардың ұлық мейрамы Ораза Айттың құрметіне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында «Дінді біліммен таны» атты байқау болып өтті. Шараның жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып, басы-қасында жүрген «Әл Машани» мешітінің ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы және Гүлжазира Ақназарова шараның талаптары мен мәнін түсіндіріп, қатысушыларға уағыз-насихат айтты.

Сайысқа қатысушылар бірнеше номинация бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, «Алла Тағаланың 99 көркем есімі», «Әйелдерге арналған 40 хадис», «Мүлк сүресі» бойынша өзара  білімдерін сынады. Сонымен қатар, 0-ден бастап Құранға түсушілер арасында сайыс өтті.

Шараның басты мақсаты қасиетті Рамазан айы бойы әйелдер жамағатын білімге баулып, уақытты тиімді пайдалануға үндеу. Берекелі айда пайдасы мол дүниелерді үйренуге шықыру. Міне, дәл осы мақсатта жүзеге асқан білім сайысында нәзік жандылар өздерінің бір айлық уақытын құлшылықпен әрі рухани ілім ізденумен өткізгендерін дәлелдемекке бақ сынасты.   Сайыс жеңіпмаздары 1-мамыр күні марапатталмақ.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары