Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазы оқылды. Қасиетті мерекеде облыстық мешітке халық көп жиналды. 30 күн оразаның сауабын арқалап, Алланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, аллаға құлшылық етті.
Намаз оқылмас бұрын Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы қасиетті мерекенің ерекшелігі туралы уағыз айтты. Содан соң мешітке жиналған мұсылман қауым тілін кәлимаға келтіріп, жүзін құбылаға бұрып айт намазына жығылды.
ihsan.kz
Пікірлер