Саран қалалық мешітінде Рамазан айт намазы оқылды. Намаз алдында жиналған жамағатқа мешіт имамы Саликов Мұхаммедқали қажы "Ораза айт ұлық мереке" тақырыбында уағыз айтты. Айт намазынан кейін жамағат бір-біріне жылы шырай танытып, сәлем алысты. Жиналған жамағатқа намазға қатысқан ақсақалдар бата берді. Айт намазынан шыққан жамағатқа айттық дастархан жайылды. Одан кейін мешіт ауласында ұлттық спорт түрлерінен ойындар өткізілді. Атап айтқанда "Арқан тарту" , "Асық ату" және "Қол күрес" ойындары. Жүлдегерлерге Құран кітаптары мен Діни кітаптар және марапат қағаздары берілді.
ihsan.kz
Пікірлер