Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кентінде мешіт тола айт намазы оқылды. Намазға аймақтың жергілікті әкімі Марғұлан Мұхитұлы қатысып, жамағатты мерекемен құттықтады.
Айт намазынан соң мешіт ауласында мерекелік іс-шара спорттық ойындар,қол күрес,қазақша күрес,кір тасын көтеру,арқан тартыс ойнатылды. Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар берілді. Соңында кигіз үйге мерекелік дастархан жайылып, дәм берілді.
Имам Мурсали Қаленұлы жеңімпаздарды қаржылай және заттай сыйлықтармен марапаттады.
Пікірлер