Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖЕЗДІ КЕНТІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
02 мамыр, 2022 жыл 414 Басып шығару нұсқасы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ, ҰЛЫТАУ АУДАНЫ, ЖЕЗДІ КЕНТІНДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Бүгін Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінде заманауи үлгімен салынған жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді. Есенғұлұлы Ақбай бабамыздың атындағы имандылық үйінің ашылуына ҚМДБ діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Қайрбеков Нұрлан Ефратұлы, Ұлытау ауданының әкімі Советбек Тұрсынұлы Медебаев, Қарағанды обылыстық “Әнет баба” мешітінің найб имамы Қоныскерей Құмарұлы,  Жезқазған өңірі, Ұлытау ауданы Имамдары, ауданға белгілі ақсақалдар және мешітті салуға мұрындық болған Ақбай баба әулеті қатысты.

Қайрбеков Нұрлан Ефратұлы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Алла үйіне сыйлық табыстады. Сондай-ақ, мешітті тұрғызған Ақбай баба ұрпақтарына алғыс хат табыстады.

Мешіттің ашылуына көмектескен, құрылыс жұмыстарына белсене араласып, демеушілік жасаған кәсіпкерлерге, жұмысшыларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етілді. 

Салтанатты түрде ашылған 100 орындық Ақбай баба атындағы ауылдық мешітте алдымен әруақтарға құран бағышталып, ақсақалдар батасын берді.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде өңірімізде дін саласында да үлкен жұмыстар атқарылды. Жаңадан мешіттер тұрғызылып, Ислам дінін оқытатын мамандар даярланды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары