Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Рамазанмен қоштасу» атты рухани кеш болып өтті. Нәзік жандылар бас қосқан берекелі отырыст «Әл Машани» мешітінің ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы және Гүлжазира Ақназарованың бастамасымен жүзеге асты. Қасиетті аймен қоштасуға арналған шара барысында келген қонақтарға «Әл Машани» мешітінің рамазан айында жүзеге асырған іс-шараларының есебі берілді. Яғни, қасиетті ай бойы іске асқан ізгі шаралар мен қайырымдылық жұмыстары, ауызашарлар мен басқосулар жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ, «Дінді біліммен таны» атты өткен сайыстың қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. 0-ден бастап құранға түсушілерге қасиетті Құран сыйға тартылды. Басқа қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтары берілді. Еске салар болсақ, демеуші ханымдардың қолдауымен «Қош келдің рамазан!» атты рухани шара болып өткен болатын. Сол игі шараның және осы рухани кештің өтуіне де себеп болған демеуші жандар марапатталды. Рухани кеште Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі Гүлмира Тапай «Пайғамбарға арнау» термесін айтты. Кеш соңында шәкірттер «Рамазанмен қоштасу» монологын оқып, «Рамазанмен қоштасу» таспихын айтты. Рухани шара Құран хатым дұғасымен аяқталды.
ihsan.kz
Пікірлер