Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау: Ақтау кенті мешітінде қайырымдылық жасалды
10 маусым, 2022 жыл 435 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласының маңында орналасқан Ақтау кентінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен 30 мұқтаж отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер берілді. 
 
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атауы аясында өткен іс-шараға Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, Ақтау ауылдық мешітінің имамы Фазыл Жұмабайұлымен бірге тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік сөмкелерін үлестіріп берді. 
 
«ҚМДБ қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі қайырымдылық екені баршамызға мәлім. Осыған орай, бүгін Ақтау ауылдық мешіті тарапынан кезекті ізгі шара жүзеге асты. Осы шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына және қолдау білдіріп, септігін тигізген әрбір азаматқа Алла разы болсын! Алла сіздерге мол сауаптан жазсын!», деді Естай Айтуғанұлы.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары