Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бірлігі жарасқан Теміртау жамағаты табиғат аясында бас қосты
13 маусым, 2022 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

Бірлігі жарасқан Теміртау жамағаты табиғат аясында бас қосты 
 
Теміртау имамдары мен жамағаты табиғат аясына серуенге шықты. Жамағат арасындағы бірлік, ынтымақ пен ауызбіршілікті арттыру мақсатын көздеген басқосу қала сыртындағы «Шығыс 1» демалыс орнында өтті. 
 
Аталмыш шараның мақсаты – мешіт жамағатының ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. 
  
Табиғат аясында өткізілген шара барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, жамағатқа ақ дастархан жайылды. Сондай-ақ, жиналған жұртшылыққа имамдар тарапынан уағыз-насихаттар айтылды. 
  
«Жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында мешіт тарапынан игі шараларды көптеп ұйымдастырып келеміз. Бүгінгі басқосуымыз да соның бір жарқын дәлелі. Алла Тағала мұсылмандардың берекесі мен бірлігін арттырсын», деп Теміртау қаласының имамдары тілек білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары