Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде қажы апалар жамағаты бірігіп Құранды хатым етті.
Мешітте бас қосып, хатым дұғасын жасаған ақ жаулықтылар елімізге амандық, ауырып жатқан науқастарға, момын-мұсылмандарға шипа сұрады. Шара барысында мешіт имамы Жанболат Жұматұрұлы дұға жасап, уағыз-насихат айтты. Алланың кәләмін бірлесе оқып, қол жайып дұғасын жасай жүретін әжелер аман болсын! «Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі» - дейді хадисте.
ihsan.kz
Пікірлер