Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінің имамы Қуатбеков Асқар Мейрамбекұлы «Ғ.Тлеухан» мешітінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабар алу мақсатында арнайы бақылау-басқару жұмыстары бойынша ат басын бұрды.
Сапар барысында аудан аймақтың діни ахуалынан хабар алып, мешіттің тазалық жұмыстарына, ішкі-сыртқы жұмыстарына ерекше мән берді.
Айта кетейік, аталмыш мешітте фиқһ сабақтары басталды. Арнайы дәрістерді аудан имамы Асқар Мейрамбекұлы өткізуде.
Пікірлер