Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Игі іске мұрындық болған демеушілер ірі қара мал сойып, етін 40 отбасыға үлестірді. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасы азық-түлік дорбаларымен қамтамасыз етілді. Қомақты қаржылай көмек көрсетілді. Осындай игі істердің басында жүрген ел ағаларына мешіт имамдары үлкен алғыс білдірді.
«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Алланың разылығы үшін мүминнің көңілін табу, қуаныш сыйлау, дінге жан-жақты қызмет ету, білмегенге үйрету, адасқанға жол сілтеу мұсылманға абырой әрі сауабты іс.
Ел үшін, дін үшін қызмет ететін мешіт жамағатына Алла Тағалам кәміл иман, отбасыларына амандық берсін!
ihsan.kz
Пікірлер