Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЗЫБЕК БИ МЕШІТІНДЕ ЖАЗҒЫ ДӘРІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ АЯҚТАЛДЫ
30 маусым, 2022 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде бір айлық «Имани жаз» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы  арнайы сертификат табыстап,  бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам  әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Жазғы сауат ашу курсы аясында мешітке келіп, сабақ алған қыз балалар мен ұлдардың жалпы саны сексеннен асты. Ата- аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімі барысында балаларға сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, сыйлыққа Құран кітап, жайнамаздар, тәспілер берілді. Айта кетейік, жазғы дәріс алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары