Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҰЛЫҚ МЕЙРАМНЫҢ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ
09 шілде, 2022 жыл 385 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, 09 шілде – Құрбан айттың бірінші күні. 

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы айт намазынан кейін арнайы құрбандық шалуға арналған қасапханада  алғашқы құрбандық малының батасын жасады. Барша Қарағанды жұртшылығын Ұлық мейраммен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

Еске сала кетейік,  құрбандық шалу онлайн форматта да qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асу үстінде. Әрине, Құрбан айт тек намаз оқып, құрбан шалумен шектелетін мереке емес. Алланы ұлықтаумен бірге ізгілік, қайырымдылық, жақын адамдардың жарасымы мен туған-туыстың татулығы, мұқтажға көмек, міскінге қолдау, осының барлығы бір мерекенің бойына сыйып тұрғандай. Алла қаласа шалынған құрбандық еті мұқтаж жандарға, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылаға үлестірілетін болады. 

Алла Тағала сіз бен бізден қабыл етсін! Құрбан айт құтты болсын, Қазақ елі!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары