«Бала қажы» мешіті 500 адамға құрбандық етін үлестірді
Қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күнінен бастап, бүгінгі уақытқа дейін, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті бес жүз отбасыға құрбандық етін үлестірді.
Мешіт имамы Махмұд қажы Нұрұлының арнайы қатысуымен көмекке мұқтаж, әлеуметтік көмекке зәру және науқас жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Құрбандық еті қаладағы қарттар үйіне және балалар үйіне де жеткізілді.
ihsan.kz
Пікірлер