Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау орталық мешіті екі бірдей қызметкермен толықты
19 шілде, 2022 жыл 629 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің ұжымы екі білікті қызметкермен толықты.  
 
Жиылған жамағатқа жұма уағызынан соң Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы айтулы жаңалықты хабарлады.  
 
Мешіт жамағатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығын жеткізіп, ұстаздық қызметке кіріскелі отырған Алмас Теміртауұлы мен молдалық қызметке тағайындалып отырған Әбдірайым Сманұлы жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті.    
 
Алмас Теміртауұлы  
 
1998 жылы 1 қазанда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген.  
 
2004-2014 жылдары Бөкей Орда ауданы Сайхын аулында Мұхаммед Салық Бабажанов атындағы жалпы орта мектебінде білім алған. 
 
2018-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Астана» медресесін Исламтану мамандығы бойынша тәмамдаған. 
 
Әбдірайым Сманұлы 
 
1974 жылы 10 қарашада Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жаңа-Арық ауылында дүниеге келген. 
 
1981-1991 жылдары Ақниет ауылындағы Шәкарім атындағы жалпы орта білім беру  мектебінде білім алған. 
 
2015 жылы Алматы қаласындағы Исламтану инистутында екі айлық арнайы курстан өткен. 
 
2018-2019 жылдары Сарыағаш ауданы, Жаңа-Арық ауылдық мешітінде молдалық қызмет атқарған. 
 
2019-2021 жылдары Сарыағаш ауданы, Құлтума ауылындағы «Сапар ата» мешітінде молда болып қызмет атқарған.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары