Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бауырлас елге білімдерін жетілдірмекке аттанғалы отырған қос талапкер халықтың батасын алды. Түркия еліне аттанғалы отырған бауырларымызға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей сәттілік тілеп, иықтарына шапан жапты.
Айта кетейік, Түркия Республикасы Дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы 2007 жылғы 29 қазандағы келісім негізінде қазақстандық шәкірттер 2014 жылдан бері Хасеки академиясында діни білімдерін жетілдіріп келеді.
ihsan.kz
Пікірлер