Бүгін қасиетті жұма күні Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінің бұрынғы имамы Елдос Жұмаділдаға құрмет көрсетілді.
Жамағатқа айтылған жұма уағызынан соң Естай Айтуғанұлы осы кезге дейін Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінің бас имамы қызметін атқарып, жуырда ғана ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен Ұлытау облысының бас имамы қызметіне тағайындалған Елдос Қуандықұлының иығына қазақи дәстүрмен шапан жауып, жаңа қызметіне сәттілік пен абырой тіледі.
Сондай-ақ, мешіт ақсақалдары ақ батасын беріп, игі тілектерін арнады. Жамағат та өз кезегінде Елдос Қуандықұлына ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.
Пікірлер