Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әлихан Бөкейхан мешітінде жастармен рухани кездесу өтті
25 шілде, 2022 жыл 312 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде рухани кездесу болып өтті. Айтулы шараға Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы, «Арқа» өнер мектебінің жетекшісі  айтыскер, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұл және мешіт жамағаты мен бір топ жастар қатысты.
 
«Ахмет Байтұрсынұлы өміріндегі Ислам» тақырыбында өткен шараның шымылдығын қаланың бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, келген жамағатқа ұйымдастырылып отырған игі шараның мән-маңызын түсіндірді.
 
Кеш қонағы Айтбай Жұмағұл да өз кезегінде Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының мағыналы өмірінен сыр шертіп, жастарға тағылымы мол мәліметтер берді.  
 
Ұлт үшін жанын пида еткен бабамыздың өз еліне, оның дініне қосқан мол үлесін тілге тиек ете келе ұрпақ тәрбиесінде тұлғаларымыздың салып кеткен сара жолын жалғастыру аса маңызды екенін баса айтты. Келуші жамағат пен жастар қауымы аталмыш басқосудан өздеріне рухани мол азық алып қайтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары