Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жақында жарыққа шыққан «Толық адам» кітабы негізінде арнайы бағдарламаға қатысып, сүбелі сұхбат берді. Екі дүние сардары сүйікті пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамзаттың ұстазы әрі кемеңгер тәлімгері екендігі жайында әңгіме өрбітті. Асыл дініміз Исламдағы, сондай-ақ ұлы даладан шыққан ойшылдарымыздың еңбектеріндегі ой-тұжырымдары жинақталған кітап бойынша жүргізілген сұхбатқа Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы арнайы қатысып, «Алла елшісінің тұлғасы» жайында тұшымды ойларын ортаға салды. Адамзаттың ұстазы жайында сыр шертілген бағдарлама тізгінін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы жүргізді. Сұхбаттың толық нұсқасын алдағы уақытта ҚМДБ-ның жанынан ашылған «Munara TV» арнасынан тамашалай аласыздар.
Пікірлер