Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешітінде «Мектепке жол» акциясы өтті
15 тамыз, 2022 жыл 210 Басып шығару нұсқасы

Жаңа оқу жылына орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен  «Мектепке жол» акциясы өтті. Шара барысында мектеп жасындағы 400 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Игі шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Джарымбетов Мұхит шара барысында жас жеткіншектерді  келе жатқан білім күнімен құттықтап, өзінің ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ, берекелі шараның өтуіне ат салысқан жомарт жандарға ризашылығын білдірді.

Облыстық «Әнет баба»  мешітінен бастау алған игі шара қаладағы басқа да мешіттерде өз жалғасын табуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары