Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«НАМАЗДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ» ХАҚЫНДА РУХАНИ КЕШ ӨТТІ
26 тамыз, 2022 жыл 137 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Намаздағы тұрақтылық» атты рухани жиын болып өтті. Шараға Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ақназарова және коуч-тренер Ғалия Оралбай арнайы қатысты. Рухани кешке жиналған қыз-келіншектер бес парыздың бірі саналатын ұлы құлшылық - намазға қатысты түрлі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, уағыз-насихат тыңдап, құлшылықтағы тұрақтылық пен тиянақтылық хақында ақпаратпен сусындап қайтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары