Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«UNITEA» ШӘЙ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТЫН ЖАҢАРТТЫ
26 тамыз, 2022 жыл 201 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысындағы «Хасенов Е.Ш» кәсіпорнына тиесілі "UNITEA" шәй өнімдері сертификатын жаңартты. Арнайы сертификатты Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстады.  

1995 жылы өз тарихын бастаған "UNITEA" шәй өнімдері де түйіршіктелген және жапырақты, жоғары сапалы шәй өнімдерін Кения мен Үндістаннан тасымалдайды. Қанық түсті, ерекше дәмді "UNITEA" шәйлары Қазақстан ғана емес Ресей нарығында айрықша сұранысқа ие. Кәсіпорынның шәй коллекциясының ішіндегі ең үздігі "Ақман" шәйі. 2015 жылы көпшілікке ұсынылған "Ақман" шәйі отандық тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланды. "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнының 19 түрлі сауда белгісімен шығарылатын шәй өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдануға, сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай.  "Хасенов Е.Ш" кәсіпорнына тиесілі "UNITEA" шәй өнімдерінің "QMDB Halal" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары