Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әлихан Бөкейхан мешітінде салауат айтудан жарыс өтті
26 тамыз, 2022 жыл 346 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде Алла Елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудан жарыс өтті.   
 
Осыдан бірер уақыт бұрын мешітке келуші шәкірттер мен жамағат арасында бұл игі бастама қолға алынған болатын. Осыған орай қала бас имамы Естай Айтуғанұлының басшылық  етуімен қатысушылар арасында арнайы жиын өтіп, жақсылықта жарысқан жандарға арнайы әзірленген сый-сияпаттар табыс етілді. Ал, жалпы шәкіреттер арасында Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) 1 000 000-ға жуық салауат айтылды.
 
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла және Оның періштелері пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтірген мүміндер! Сендер де оған салауат айтып, толық мойынсұнушылықпен салауат, сәлем жолдаңдар» («Ахзаб» сүресі, 56-аят) деп, Пайғамбарға салауат айтуға бұйыруында үлкен мән жатыр. Осы бір аятқа амал еткен түрде аталмыш сауапқа толы сайыс мешіт имамдары мен ұстаздарының ұйытқы болуымен әлі де өз жалғасын таппақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары