Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде сауат ашу курсына қатысқан бала шәкірттердің ата-аналарымен рухани кездесу өтті.
Қала бас имамы Естай Айтуғанұлы және мешіттің имам, ұстаздарының ұйытқы болуымен өткен игі шарада ата-аналарға уағыз-насихат жасалып, балаларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
«Бүгінгі рухани басқосуымызға келгендеріңіз үшін сіздерге көп алғыс айтамыз. Жаңа оқу жылының қарсаңында өздеріңізбен жүздесуді жөн көрдік. Мешіт қашанда мұсылмандардың рухани азық алатын орталығы болып келген. Жүрегі мешітке байланған адамды қиямет күні Алла Тағала Өзінің панасына алады. Балаларымыздың әрдайым мешітке жақын болуы олардың болашақта жақсы азамат болып жетілуіне де көп септігін тигізеді.», деді Естай Айтуғанұлы.
Ал, ата-аналар қауымы игі шарадан мол рухани әсер алып, мешіт ұжымына өз алғыстарын айтты.
Пікірлер