Қасиетті жұма күні Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінің ұжымы үш бірдей білікті қызметкермен толықты.
Жиылған жамағатқа жұма уағызынан соң Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы осы жаңалықты хабарлады.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы бұйрығын жеткізіп, мешіт жамағатына наиб имам қызметіне тағайындалып отырған Марат Өмірзақұлы және Әбдімәлік Әбдірайымұлы мен Мейіржан Әбдіжаппарұлын таныстырды.
Жұма намазынан соң жамағат арасындағы ақсақалдар батасын беріп, имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.
Марат Өмірзақұлы
1976 жылы 15 кыркүйекте Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза елді-мекенінде дүниеге келген.
1982-1993 жылдары Дарбаза елді-мекеніндегі №29 орта мектебінде білім алған.
1994-1999 жылдары Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
2016-2018 жылдары Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің магистратурасын тәмамдаған.
2019-2021 жылдары «Сарыағаш» медресе-колледжінде ұстаздық қызмет атқарған.
Әбдімәлік Әбдірайымұлы
2002 жылы 24 сәуірде Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жаңа-Арық ауылында дүниеге келген.
2008-2019 жылдары Жаңа-Арық ауылындағы Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде білім алған.
2019-2022 жылдары Алматы облысы, Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» медресе-колледжін тәмамдаған.
Мейіржан Әбдіжаппарұлы
2000 жылы 07 маусымда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Еңкес ауылында дүниеге келген.
2006-2016 жылдары Ынтымақ ауылындағы С. Майлықожа атындағы жалпы білім беру мектебінде білім алған.
2016-2020 жылдары «Сарыағаш» медресе-колледжін Исламтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
2020-2021 жылдары Талдықорған қаласындағы №5514 әскери бөлімінде қызметте болған.
2021-2022 жылдары Сарыағаш ауданы Еңкес ауылындағы «Ақниет» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған.
Пікірлер