Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы Қоныскерей Құмар және іс басқарушысы Исатай Елнар Дұрыскелдіұлы Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітіне арнайы бақылау-басқару жұмысы бойынша қызметтік сапарда болды. Сапар барысында мешіттің тазалық жұмыстарына, ішкі-сыртқы жұмыстарына ерекше мән берді. Мешіттің кіріс-шығыс құжаттары тексерілді. Қазіргі уақытта мешітте қысқы дайындық жұмыстары басталып кетті. Мешіттің жылу жүйесі жөндеуден өтіп, ғимараттың жарықтандыру құрылғылары жаңартылған. Сонымен қатар, азан шақыруға арналған құрылғылар заман талабына сай жабдықталған. Жамағаттың қолдауымен аталмыш баспанаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстан арнайы келген дін қызметкерлері аймақтың діни ахуалына оң бағасын беріп қайтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер