Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«НҰР» МЕШІТІ АУЛАСЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
19 қыркүйек, 2022 жыл 196 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Шахтинск  қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы  бастаған мешіт жамағаты   мешіт ауласына шырша ағаштарын отырғызды.

Кезінде, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) Меккеден Мәдина шаһарына қоныстанған кезде ең алғашқы жұмыстарының бірі ағаш отырғызудан бастаған болатын. Хадисте: «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі» (Имам Бұхари). тағы бір хадисте «Бір адам бір ағаш отырғызса, (амал) дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады».

          Ата-бабамыз «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп қанатты сөз қалдырған. Ендеше, табиғатты аялап, күтіп, баптау, гүлдендіріп  абаттандыру сауапты амал болып саналады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары