ҚМДБ Жастар ісі секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманды Қасым Махмұд Бекболатұлының жетекшілерімен жиын өтті.
Жиынға ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдары қатысты. Басқосу барысында Жастар ісі секторының 2022 жылға арналған есеп беру мәселесі талқыланды. Сектор 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Олар – насихат, сауаттылық, қоғамдық жұмыстар және спорт. Осы аталған бағыттар негізінде әр айға арналған іс-шаралар жоспары мен есебін уақытылы тапсыру мәселесі талқыланды.
Пікірлер