Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанынан жұмысын қарқынды жүргізіп жатқан «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағытының кезекті жиыны өтіп, бірнеше маман филиалдың арнайы бұйрығымен қызметке тағайындалды.
Салттық қызмет көрсету бөлімі «Жаназа және жерлеу» рәсімдері, «Зират және зиярат» бөлімдері бойынша жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.
Аталмыш бағыттың басты мақсаты – жаназа, жерлеу, ас беру мәселесіндегі дәстүр, әдеттерді бір ізге түсіру. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жиналған дін қызметкенлеріне бөлімнің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, “Қамқор – Шарапат” салттық қызмет көрсету жұмыстарын пысықтады. Сондай-ақ, аймаққа қарасты бірнеше мамандарды қызметке тағайындады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.
Пікірлер