ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде орыс ұлтының өкілі Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды. Сондай-ақ, қазақ азаматымен неке қидырып, бір әулеттің келініне айналды.
Мешіт имамы Ақмағанбет Мурсали Қаленұлы неке қиған жастарға некенің шарттары мен маңыздылығын түсіндіріп, некелерін қиды. Мешіт ақсақалы Нұғмет қажы бата берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер