Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ЖАНҚҰТТЫ БИ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
28 қыркүйек, 2022 жыл 468 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би»  мешітінде мауліт мерекесі аталып өтті.

Рухани кеш Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Түсіпбеков Ерлан Сәрсенұлының Құран оқуымен бастау алды. Шараны Ақтоғай аудандық мешітінің имамы Рысбай Асыл Көкешұлы жүргізді. Одан кейін Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фархат Нұрланұлы және «Әл-Машани» мешітінің молдасы Абдрахманов Дастан Жанкозыұлы мауліт оқыды. «Әл Машани» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы жиналған жамағатқа Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмір жолы жайында кеңінен уағыз-насихат айтты. Жиналған жамағаттың құрметіне арнайы мешіт асханасынан мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік кеш барысында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Атап айтқанда кір тасын көтеру, қол күрес, асық ату, садақ ату ойындарынан бақ сынасты. Одан кейін, жамағат білім сайыстарына қатысты. Оның ішінде, Пайғамбарымызға қатысты  сұрақ-жауаптар, Абай, Шәкәрім және т.б тұлғалар туралы өлең жолдары мен жұбақ жасыру сынды сайыстар ұйымдастырылды. Соңынан мешіт имамы Берік Алпысбайұлы жеңімпаздарға ақшалай және басқада сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, келген қонақтарға және осы мауліт кешінің өтуіне ат салысқан ауыл азаматтарына алғысын айтып, Жанболат Жұматұрұлына және Ерлан Сәрсенұлы имамға қазақи дәстүрмен  шапан жапты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары