Қарағанды облысы, Шет ауданы «Иса молда» мешітінде аудан имамы Берік Алпысбайұлы мешіт имамдарына, дін қызметкерлері мен ұстаздарына «ҚМДБ қабылдаған Концептуалды құжаттарды түсіндіру» семинарын өткізді. Құжаттардың маңызы мен мәніне кеңінен тоқталды. «Діни лауазымдар тізілімі» мен «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» құжаты жайында баяндама жасап, мүфтият жұмысы мен имамдардың қызметін жетілдіруге және жамағат арасында ислам құндылықтары бен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттарды насихаттау керектігін айтты. Семинар соңында биыл атқарылған іс-шаралар мен алдағы жұмыс жоспары бойынша нақты тапсырмалар берді.
Пікірлер