Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНІҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚУҒА АТТАНДЫ
30 қыркүйек, 2022 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Хусамуддин әс-Сығанақи» атындағы ислам институты ашылған болатын. Жаңа білім ордасына Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің екі дін қызметкері оқуға аттанды.  

Бүгін, яғни, қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Әнет баба» мешітінде бірнеше  жыл абыройлы еңбек еткен наиб имам Асылхан Нұртайұлын және «Әнет баба» мешітінде біраз жылдар шәкірт тәрбиелеп, ұлағатты ұстазыдық қызметін атқарған  Нұрбол Әділмұратты жиналған жамағат алдында арнайы алғыс хатымен марапаттады. Білімдерін жетілдірмекке игі сапарға аттанғалы жатқан дін қызметкерлерге батасын берді. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары