ҚМДБ - ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде РАНТ мүшесі Ахметов Мәди Айдарханұлы мешіт жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтты. Әр аптада рухани кеш ұйымдастырып, жамағаттың қатысуымен берекелі дастархан басында игі отырыс өткізу «Қазыбек би» мешітінің дәстүріне айналған шара десек болады. Бұл жолы да өткен келелі кездесу жамағаттың бірлігі мен ынтымағына орай жүзеге асқан болатын. Берекелі отырыс барысында жамағат көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, рухани азық алды.
Пікірлер