Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал.
Ардақты пайғамбарымыздың бір хадисінде:
«Кімде-кім бір ағаш отырғызса, бұл ағаш жеміс бергенге дейін оған қарап қорғаса, бұл ағаштан түскен әрбір жеміс Алла алдында ол адам үшін бір садақа болады» ,- деген. Тал егу дінімізде сауапты іс екеніне осы хадис дәлел.
ҚМДБ -ның Қарағанды облысына қарасты Абай қалалық орталық мешітінде алда келе жатқан Республика күніне орай тал отырғызу акциясы болып өтті.
Шара барысында аудан имамы Асхат Қанайұлы осындай игі шараға ат салысып жатқан жандарға алғысын білдірді.
Пікірлер