Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚҰЛАЙҒЫР МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ
15 қазан, 2022 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылман жұртшылығында Алланың сүйікті құлы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға арнап Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс шаралар атқарылып жатыр. Сондай бір маңызды шара Абай ауданына қарасты Құлайғар ауылдық  мешітінде өтті.

Қасиетті мереке қарсаңынлда адамзаттың  асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне, қасиетті Мәуліт мерекесіне арнап, ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Берпейсов Саян Дуйсенбекович мәуліт оқып, уағыз-насихат айтты. 

Сондай-ақ, мешіт жамағаты бірігіп әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты.

Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары