Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі тағайындалды.
«Касимов Мирас Эрланұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің молдасы қызметін сақтай отырып, Діни басқармаға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі болып тағайындалсын»,- делінген Бас мүфти бұйрығында.
Қасиетті жұма күні бөлімнің жауапты өкілін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Хумар жамағатқа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар қор қызметін жаңа деңгейге көтеріп, игі іс-шараларға ұйытқы болуды тапсырды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер