Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

КӨКПЕКТІ МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ
17 қазан, 2022 жыл 236 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Көкпекті ауылдық мешітінің имамы Сұңқар Мухамедовтың ұйымдастыруымен адамзаттың  асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне, қасиетті Мәуліт мерекесіне арнап рухани шара болып өтті. 
Рухани шарада мешіт имамы алдымен аймақ тұрғындарын қасиетті мерекемен құттықтап, ақыретте мұсылмандардың шапағатшысы болатын Мұхаммед (с.ғ.с.)  пайғамбардың өнегелі өмір жолын, Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істерін, оның мүбәрак өмірін  тілге тиек етті.
Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фархат Нұрланұлы және Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің молдасы Абдрахманов Дастан мәуліт жырын оқып,  барша жамағат әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтты.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жүсіп Шұғайұлы уағыз-насихат айтып, екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, Мұхаммед пайғамбарымызды шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігін көркем түрде жеткізді.
Мәуліт мерекесі осылайша жүректерге иман нұрын толтырып, Сүйікті Пайғамбарымызға деген сағыныш сезімін еселеді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары