Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙДА АУДАНЫНЫҢ ИМАМЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
18 қазан, 2022 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы Абай аудандық көпсалалы колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырды. 

Кездесу барысында жастарға дәстүрлі дінімізге жат теріс ағымдардан аулақ болып, дәстүрлі дұрыс бағытта ұстану үшін ұлттық құндылықтарымызға терең бойлау керектігі тілге тиек етілді.

Сондай-ақ,  «Отанды сүю иманнан» екендігін жас буын әрдайым жадыларында ұстап, ел игілігі мен мемлекетіміздің мәртебесі үшін аянбай еңбек ету қажет екендігі туралы әңгіме етті.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алды. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары