Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЗЕКЕТ ҚОРЫ ЕКІ ОТБАСЫҒА КӨМІР ТҮСІРДІ
18 қазан, 2022 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.

Қордың аймақтағы жауапты өкілі Мирас Эрланұлының жетекшілігімен аз қамтылған мұқтаж отбасыларға көмек берілді. Атап айтқанда екі отбасыға жиырма тонна көмір үлестірілді.

Сауапты шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- дейді қазақ. Сауапты амалға қаржылай және өз мүмкіндігіне сай үлес қосқан жомарт азаматтарға «Зекет және қайырымдылық» қоры атынан алғыс айтылып, ізгі тілек білдірілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары