Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«НҰР» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ МАРАПАТТАЛДЫ
20 қазан, 2022 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген жақсы сөз бар.

18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Осы айтулы мереке қарсаңында  асыл дініміз Исламның өркендеуіне үлкен үлестерін қосып, қажырлы еңбек етіп жатқан бірнеше дін қызметкерлердің еңбегі еленіп, марапатталуда.

Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдерімен өткен жиында аймақтағы «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы қала әкімі орынбасарының арнайы марапаттауына ие болды.

Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құр­мет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары