Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙ МЕШІТІ ҰЖЫМЫ ҚАРТТАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
24 қазан, 2022 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті мәуліт айының құрметіне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен мешіт ұжымы аудандағы қарттар үйін зиярат етті. 

Пайғамбарымыз Мухаммед (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) өзінің өсиетінде: «Мейірімділік көрсетпегенге мейірімділік танытылмайды», деген.

Қайырымдылық шарасы барысында дін қызметкерлері қарттардың қал-жағдайын сұрап, көңілдерін аулап, сыйлықтарын табыстады.

"Қазақта «Қарты бардың қазынасы бар», деген керемет сөз бар. Өмір болған соң, түрлі жағдайлар болады. Десе де, қартын құрметтеген халқымыздың асыл қасиеті әркез жасай береді», дей келе Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы осындай ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарды өз ата-анасындай қарап отырған ұжым басшысы мен қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары