Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ислам дінін қабылдады
24 қазан, 2022 жыл 117 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітіні Ислам дінінің дамуына, тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, бауырларымызды асыл дінімізге тартуда аянбай еңбек етуде.

Оның бір көрінісі ретінде аймағымыздағы Ислам дінін қабылдаушы түрлі ұлт өкілдері санының артуы мен адасқан жолдан тура жолға оралған бауырларымызды айтуға болады.

Осындай жарқын қуаныштың бірі – Қасиетті мәуліт айында  Ислам дініне кіріп, дінімізді қабылдаған мұсылман бауырымыздың қатары Ларионов Владислав Дмитриевич есімді азаматпен толықты.

Владислав Дмитриевичке мешіт азаншысы Байкешев Нургали Беркулович кәлима шаһадатын айтып, Ислам дінінің құныдылықтары туралы насихат айтты.

Өз кезегінде аймақтың бас имамы иманды Алла Тағала тек таңдаулы құлына ғана сыйлайтындығын түсіндіріп, қуанышымен құттықтады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары