ҚарМУ-нен арнайы келген психолог маман Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйел-қыздар жамағатымен арнайы семинар өткізді.
Жиында мешіттің әйелдер жамағатына отбасы мәселелеріне қатысты дәріс өткізді. Сонымен қатар бала тәрбиесі, ата-анаға құрмет көрсету, туыстық қарым-қатынас тақырыптары қозғалды.
«Қыз бен ұл тәрбиесі, ене мен келін қатынасы» тақырыбында дәріс оқылды.
Әйел адамға қажетті тақырыптарды арқау еткен бұл жолғы семинар сабағы қатысушылар үшін қажеті мол дүниеге айналды. Қазіргі қоғам бойынан қашықтап бара жатқан құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, қыз баласының бойындағы әдептілік пен инабаттылықты қалыптастыру жолдарына меңзеген маман дәрісін дәптерге түртіп алып отырғандар да кездесті.
Пікірлер