Қарағанды облысы, Абай аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудан жарияланған марафон мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.
Осыдан біраз уақыт бұрын мешіт ұстазының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудан сайыс жарияланған болатын. Осыған орай қатысушылар арасында қорытындылау жиыны өтіп, жеңімпаздар қасиетті мәуліт мерекесінде анықталды. Байқау барысында 142 707 салауат айтып, Ақбаева Динара бас жүлдені иеленді. Абеуова Гүлсім есімді жамағат 86 733 мәрте салауат айтып екінші орынды иеленсе, кезекті үшінші орын 40 900 мәрте салауат айтқан Сымбат есімді азаматшаға тиесілі болды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді. Шара барысында Абай аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызы «Пайғамбарға махаббат» тақырыбында уағыз -насихат айтып, сұрақ-жауап ұйымдастырды.
Пікірлер