Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ШЕТ АУДАНЫНДА ЖАҢА БҰЛАҚТЫҢ КӨЗІ АШЫЛДЫ
02 қараша, 2022 жыл 619 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында "Бұлақ көрсең көзін аш" атты іс -шарасы  өтті. Сауапқа толы берекелі шараға «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Маханбетчин арнайы қатысып, осындай айтулы күнде мерейлі қуанышты аймақ тұрғындарымен бірге атқарды. Жаңа бұлақтың басында Құран оқылып, дұға жасалды.

"Бұлақ көрсең көзін аш" дейді бабалар сөзінде. Халқымыздың әрбір сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Жоғарыдағы айтылған нақыл да, құлаққа қаншалықты қарапайым естілгенімен мөлдір бұлақтың көзін ашу  адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, сауапты іс екендігінің дәлелі. «Бір адам құдық қазсамың адам су ішеді» дейді қазақта.  Осындай игі дүниенің жүзеге асуына үлкен үлес қосып, ат салысқан аудан тұрғындарына мешіт имамы ерекше алғысынбілдіріп, ауыл ақсақалдары өз батасын берді.

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі    

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары