Өзіне ғана құлшылық етіп, мінсіз мойнұсынуды әмір еткен Алла тағаланың кітабы Құран Кәрім де, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сара жолы сүннеті де, жетім-жесірге қамқорлық жасауға, жетімдердің басын сипап, көңілін аулай жүруге шақырады.
ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының жауапты өкілі Мирас Эрланұлының ұйымдастыруымен мектеп оқушысы толықтай қысқы киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Ата-ана қамқорлығанан жастайынан ада қалған жасөспірім осындай игі іске мұрындық болып, қамқорлық танытқан "Зекет және қайырымдылық" қорына шексіз алғысы мен ризашылығын білдірді.
Пікірлер