Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз дүниеге келген айдың құрметіне орай еліміздегі барлық құлшылық ордаларында Мәуліт мерекесі тойланып, екі дүниенің сардарының парасаты паш етіліп келеді. Сондай рухани Мәуліт кеші Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінде болып өтті. Шараға мешіт жамағаты арнайы қатысып, өздерінің тілеулестігін танытты.
Берекелі кеште Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы мүбәрак мерекенің мән-маңызы жайлы насихат айтып, Алла елшісін (с.ғ.с.) жаныңнан артық көру – сүннетін сүйіп, өсиетін орындаудан басталатынын жеткізді.
Әз Елшіге (с.ғ.с.) сансыз салауаттар жолданған мерекелік шарада арнайы ақ дастарханға жайылды.
Пікірлер