Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТАҒЫ БІР ЖАН ЗЕКЕТ ПАРЫЗЫН ӨТЕДІ
08 қараша, 2022 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): في كل أربعين شاة شاة «Әрбір қырық қойдан бір қой беру парыз,»–деген.

Төрт түлік малы нисап мөлшеріне жеткен  тағы бір жан «Зекет және қайырымдылық» қорына бір бас қой малын өткізді. Бес парыздың бірін өтемекке ниет еткен шаруа адамы «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мирас Эрланұлымен  жүздесіп, өзінің ниетін білдірді. Бұл қараша айында келіп түскен екінші қой.

Алла елшісі ﷺ: Малдарыңды зекетпен қорғаңдар, ауру – сырқаттарыңды садақа беріп емдеңдер, бастарыңа келген бәлекеттер үшін Алла Тағалаға жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңдар», деген.

 (Табарани  хадистер жинағы).

Шын мәнінде, садақа берумен дүниеміздің кеміп қалмайтындығын әрбіріміз білуге тиіспіз. Денің сау, басың аман кезде берген садақаң сені алда басыңа төніп тұрған түрлі пәлекеттер мен кесапаттардан, әртүрлі қауіп-қатерлерден, ауру-сырқаудан, жамандықтардан мал-жаныңды, дүние-мүлкіңді сақтандырады десек артық айтқандық емес.


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары